Ғылым таппай мақтанба
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің екінші корпусындағы қабырғада ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жаңа мурал пайда болды.
Муралдың алдында «Ғылым таппай мақтанба» атты әйгілі шығармасынан үзінділерді Солтүстік Қазақстан облыстық «Вайнах» Шешен-ингуш мәдени орталығы» ЖҚ жетекшісі және РОО «Ассамблея жастары» СҚО өңірлік өкілдігінің белсендісі — Эдилов Дениэл орындады.
Бұл бастама Абай мұрасына деген құрметті, білімге ұмтылысты және ұлтаралық келісімді нығайтуға деген ниетті айқындайды.
 
Дата публикации: 03.12.2025