Күлкі сыйла — әлемді жарқырат!
10 қыркүйекте «Күлкі сыйла — әлемді жарқырат!» атты акция өткізілді.
Акцияның мақсаты– балалар мен жасөспірімдерге өмірдің құндылығын еске салу және әрдайым қолдау көрсетуге дайын жандардың бар екенін ұғындыру.
Мектебіміздің оқушыларымен «Жақсылық тізбегі» атты акция ұйымдастырылды.
Әр оқушы шағын жылы тілек айтып, жазып, оны «Өмір ағашына» іліп қойды.
Акция соңында ағаш ізгі ниет білдірілген «тірі жапырақтарға» толып, ерекше мәнге ие болды.
  
 
 
Дата публикации: 11.09.2025