" әр баланың құқығы бар..."
17 қараша күні мектептің психологиялық қызметі 7 сынып оқушыларымен " әр баланың құқығы бар..."Бала құқы – адам құқы"балалар құқықтары жөніндегі республикалық онкүндікке орайластырылған. Оқушылар бүкіл әлемдегі балалардың барлық құқықтары арнайы құжатта - "бала құқықтары туралы" Конвенцияда жазылғанын білді.
Оқушылармен олардың азаматтық құқықтары туралы әңгіме жүргізілді.
Ертегі кейіпкерлерінің мысалында кейіпкерлер қандай құқықтардан айырылғанын анықтады. Балалар ситуациялық тапсырмаларды орындай отырып, өз білімдерін тексерді.
Соңында оқушылар өз суреттерінде сабақ тақырыбын көрсетті.
Дата публикации: 17.11.2022